Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Тассай ауылында “Ислам және отбасы құндылығы” атты кездесу өтті

21-08-2025, 11:07 018.kz

Бүгін Тассай ауылында жас отбасыларға арналған “Ислам және отбасы құндылығы” атты кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау, жас отбасы мүшелерін діни және құқықтық сауаттандыру, отбасыдағы бірлікті нығайту болды.

Кездесуге Көкпекті ауданының бас имамы К. Ахметкалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А. Рахимбаев, сондай-ақ Көкпекті аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласы бойынша аға инспекторы, полиция лейтенанты Н. Абсеитов қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты және толық жауаптар алды. Сонымен бірге, отбасы құндылықтары, діни дәстүрлерді сақтау және құқықтық жауапкершілік жайлы ақпараттық-түсіндіру мақсатында арнайы таратпа материалдар ұсынылды.

Іс-шараның ұйымдастырылуы жастар мен жас отбасылардың рухани дамуына, отбасыдағы берік және салауатты қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив