Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Көкпекті ауданында Білім күні салтанатты түрде аталып өтті

1-09-2025, 11:47 018.kz

Бүгін Көкпекті ауданындағы барлық білім беру ұйымдарында 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиындар ұйымдастырылды. Жаңа оқу жылының басталуына орай өткен шаралар мектеп алаңдарында көтеріңкі көңіл күйде өтіп, оқушылар мен ата-аналар үшін ерекше мерекелік сәтке айналды.

Биыл аудан көлемінде 215 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Оның ішінде 100-ден астамы Көкпекті ауылындағы Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектеп пен Көкпекті орта мектебінің бірінші сынып оқушылары. Ақ бантик таққан бүлдіршіндер мен қолына гүл ұстаған оқушыларды ұстаздар мен ата-аналар ерекше ықыласпен қарсы алды.

Салтанатты жиындарға аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, білім саласының ардагерлері мен ата-аналар қауымы қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Құттықтау сөздерінде жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру – ел болашағының берік кепілі екені атап өтіліп, оқушыларға ізденіс пен табандылық, биік мақсат пен жарқын жетістіктер тілектері жолданды.

Мерекелік жиындар барысында мектеп оқушылары өлең оқып, ән айтып, алғашқы қоңырау соғу рәсімі өтті. Әсіресе бірінші сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндер үшін бұл күн есте қаларлық әсерге толы болды.

Айта кету керек, 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша Көкпекті ауданы бойынша 130 түлек мектеп бітіреді. Олар үшін бұл оқу жылы – жауапты әрі маңызды кезең болмақ.

Білім күні – білімге деген құрметті арттырып, болашаққа деген сенімді нығайтатын мереке. Жаңа оқу жылы аудан оқушыларына тың мүмкіндіктер мен толағай табыстар әкелсін!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив