Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Көкпекті ауданында жаңа көпір салу мәселесі талқыланды

12-08-2025, 16:51 018.kz

Бүгін Көкпекті ауданының әкімі Әділет Нұрсағатұлы «Каздорпроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Александр Сабецкиймен ресми кездесу өткізді.

Кездесу барысында Заречный аумағын Көкпекті ауылымен байланыстыратын болашақ көпірдің жобасы мен оның орналасу орны жан-жақты талқыланып, тараптар арасында келісімге қол жеткізілді. Аталған инфрақұрылымдық нысан аудан тұрғындары үшін маңызы зор, себебі ол елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартып, қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тараптар жобаны іске асырудың кезеңдері мен техникалық талаптарын пысықтап, қазіргі таңда барлық қажетті құжаттарды әзірлеу және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Жобалау-сметалық жұмыстар толық аяқталып, тиісті сараптамалардан өткеннен кейін, көпірді реконструкциялау және салу жұмыстары 2026–2027 жылдары басталады деп жоспарлануда.

Жаңа көпірдің іске қосылуы ауданның көлік-логистикалық әлеуетін арттырып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізбек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив