Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
451.05 504.95 5.6

Көкпекті ауылында Рахимбаев Сейтбаттал Жүнісбайұлының есімімен аталған әскери-патриоттық орталық ашылды

9-10-2025, 10:45 018.kz

Бүгін Көкпекті ауылында «AMANAT» партиясының филиал ғимаратында Ұлы Отан соғысының ардагері Рахимбаев Сейтбаттал Жүнісбайұлының есімімен аталған әскери-патриоттық орталық кабинетінің салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараға аудан әкімі аппаратының өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғам белсенділері, депутаттар, оқушылар және ардагердің туыстары қатысты.

Жиналғандар мұндай орталықтың жас ұрпақты патриотизмге, азаматтық жауапкершілікке және ел тарихына деген құрметке тәрбиелеудегі маңыздылығын ерекше атап өтті.

Орталық кабинеті оқушылар мен жас буынға әскери-патриоттық тәрбие беруді, сонымен қатар Ұлы Отан соғысы мен еліміздің тарихын зерделеуге арналған іс-шаралар мен кездесулер өткізуді қамтамасыз етеді. Бұл бастама аудан тұрғындары мен жастар үшін ұлттық дәстүр мен тарихи құндылықтарды насихаттаудағы маңызды мәдени және тәрбиелік қадам болып саналады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив