Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Тассай ауылында діни сауаттылық пен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

3-12-2025, 14:29 018.kz

Абай облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Өмірханов Мақсат Ерланұлы және Көкпекті аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Рахимбаев Азат Қайратович Тассай ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуге 9–11 сынып оқушылары, мектеп ұжымы және ауыл тұрғындары қатысып, белсенді түрде пікір алмастырды. Шара барысында қатысушыларға:

  • зайырлылық қағидаттарын сақтау және олардың қоғамдағы орны;

  • ұлттық дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды насихаттау;

  • интернеттегі сенімсіз ақпарат пен ресурстардан сақтану жолдары туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.

Кездесу тәрбиелік мәні зор, қатысушылар үшін мазмұнды болды және жастар мен ауыл тұрғындарының діни тұрақтылықты сақтау, ұлттық құндылықтарды құрметтеу және ақпараттық сауаттылығын арттыруға арналған маңызды алаңға айналды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив