Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Биылғы жылы 17 350 гектар егін егу жоспарланып отыр

24-04-2023, 18:33 Думан Кенжеғазыұлы

Семей өңірі бойынша 2023 жылға арналған егіс алқаптарының алдын ала құрылымы анықталды. Ағымдағы жылы жалпы егіс алаңы 17 350 га құрайды, оған 51 шаруашылық субъектісі қатысады, сондай-ақ үй жанындағы және саяжай учаскелерінде ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жүзеге асырылады.

Аталған алаңға 367 га дәнді дақылдар егу жоспарланған (217 га күздік дақылдар) 3 779,5 га картоп, 1 520,2 га көкөніс және бақша дақылдары, 5 743 га майлы дақылдар отырғызылады. Жем-шөп дақылдарының ауданы 5 940,7 га құрайды.

- Өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдарында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы техникасының саны жеткілікті. Оның ішінде барлық түрдегі тракторлар - 686 бірлік, дөңгелекті техника – 624, шынжыр табанды – 62, соқалар – 71, қопсытқыштар – 56, сепкіштер – 36 және 239 жүк машинасы жұмылдырылады. Барлық қажетті техника дайындалды. Тұқым мен минералды тыңайтқыштар, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілді, - деді ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Шақабаев.

Ғылыми мекемелердің ұсынылған қорытындылары бойынша ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері 20 сәуірден 15 маусымға дейін созылады.

Қазіргі таңда, шаруашылық субъектілері ауа-райы мен климаттық жағдайлардың жақсаруын күтуде. Өңірде көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізіп, оңтайлы мерзімде аяқтау жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив