Көкпекті ауданында терроризмнің алдын алу бойынша жұмыс тобының отырысы өтті
Бүгін Көкпекті ауданы әкімінің аппарат басшысы және терроризмге қарсы комиссиясы жұмыс тобының жетекшісі Дархан Дюсембаевтың төрағалығымен жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.
Отырыс барысында күн тәртібіне енгізілген мәселелер жан-жақты қаралды. Қатысушылар терроризмнің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың ағымдағы жағдайын талқылап, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер мен іс-шараларды анықтады.
Сонымен қатар, жұмыс тобына жүктелген тапсырмалардың орындалу барысы бойынша есептер тыңдалып, тиісті органдарға тапсырмаларды тиімді әрі уақытылы орындау жөнінде нақты нұсқаулар берілді.
Отырыс қорытындысы бойынша терроризмнің алдын алу іс-шараларын жүйелі ұйымдастыру, тұрғындар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіздік деңгейін күшейту мақсатындағы жұмыстардың алдағы жоспары айқындалды.