Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.55 540.38 6.15

Абай облысында биылдан бастап халық сұраған кәсіпорындар ашылады

19-01-2026, 14:37 Думан Кенжеғазыұлы

Өңір басшысы Берік Уәли Президенттің тапсырмасына сәйкес аймаққа үлкен көлемде инвестиция тартып жатыр.

Осы мақсатта облыс әкімі былтыр «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумын ұйымдастырып, өңірден шыққан кәсіпкерлерді аймаққа қолдау көрсетуге шақырған болатын. Ағайынды Мұқашевтер сол кезде игі бастамаға алғаш болып ынта білдіріп, туған өлкеге инвестиция салуға дайын екенін жеткізген еді.

Қазіргі таңда Шақаман ауылының іргесінен ірі ет комбинатының құрылысы қарқынды әрі уақытынан кешікпей жүргізілуде.

Жоба аясында Жаңасемей ауданында қуаттылығы жылына 11 400 тонна ет және ет өнімдерін терең өңдейтін заманауи ет комбинаты салынуда. Бұл өндіріс ошағында консервіленген өнімдер, шұжық түрлері, жартылай фабрикаттар мен ет деликатестері шығарылатын болады.

«Төбесінің бәрін жаптық, енді қабырғаларына кірістік. Оның 80% жуығы аяқталды. Құрылыс барысы бекітілген кестеге сай жүргізіліп жатыр. Сәуір айында техникалық жабдықтар келеді. Зауытты 2026 жылдың тамыз айында толық іске қосу көзделген», – деді «ADK Group» ЖШС мердігер ұйымының құрылыс учаскесінің бастығы Ержан Абылқасымов.
 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив