Қазақстанда Конституциялық реформа аясында бір палаталы Парламентке көшу мәселесі талқыланды
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында комиссия мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов алдағы реформалардың негізгі басымдықтарына тоқталып, олардың ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті.
Марат Башимовтың сөзінше, сыртқы тұрақтылық мықты ішкі негізсіз мүмкін емес, сондықтан Қазақстанда конституциялық орнқтылықты қамтамасыз ету ерекше мәнге ие болып келеді.
Маңызды қадамдардың бірі ретінде ол бір палаталы Парламентке көшу деп көрсетті, бұл жоғары өкілді органның жұмыс тиімділігін арттырады деп күтілуде. Бұдан басқа депутат шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ шетелдік қатысуы бар отандық заңды тұлғалардың саяси партияларды қаржыландыруына жол бермеу маңызды екенін атап өтті.
Реформаның негізгі бағдарларын атап өтерде, ол Ұлттық Құрылтайда Президент жариялаған жалпыұлттық құндылықтарды атады: тәуелсіздік пен патриотизм, бірлік пен ынтымақтастық, әділеттілік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық, кәсібилік, жаңашылдық пен шығармашылық.
Марат Башимовтың пікірінше, конституциялық реформа Қазақстанның прогрессивті дамуына жағдай туғызады, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтады, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді.