Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.61 503.83 5.48

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Бүгін, 08:32 018.kz

Желілік басылымға ұсынудың жалпы шарттары мен тәртібі

Үгіт материалдарын орналастыру үшін желілік басылымға материал беру Серіктестік пен 2026 жылғы 29 қарашасына тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы негізінде кандидаттардың (бұдан әрі – Кандидат) материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын беру туралы жазбаша шарттың (бұдан әрі – Шарт) негізінде жүзеге асырылады. Кандидаттың уәкілетті (сенім білдірілген) адамының Серіктестікпен шартқа қол қоюы уәкілетті (сенім білдірілген) адамның Серіктестіктен сайлау алдындағы үгітті жүргізуге байланысты көрсетілетін қызметтерді қабылдауға берген келісімі болып саналады.

Баспасөз алаңын ұсыну үшін Кандидаттың уәкілетті адамы Серіктестікке мынадай ақпаратты көрсете отырып, Серіктестік басшысының атына жазылған өтініш береді:

1) үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын беру туралы жазбаша өтініш берілген күн мен уақыт. Өтініш кезектілік тәртібімен Құрылтай сайлауын өткізу бойынша жазбаша өтініштерін тіркеу журналында әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір беру мен оның келіп түскен күнін көрсету арқылы тіркеледі;

2) жазбаша өтініш беретін уәкілетті (сенім білдірілген) адамының Т.А.Ә.;

3) жазбаша өтініш беретін адамның өкілеттігін растайтын құжат (сенімхат, жеке куәлік/паспорт, уәкілетті (сенім білдірілген) адамның тіркеу куәлігі);

4) ҚР Президенті Жарлығының және Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешімінің көшірмесі;

5) үгіт материалдары орналастырылатын алаңның жоспарланған көлемін, орналастыру санын, көлемін, орналастырудың болжамды күндерін көрсете отырып, орналастыру кестесін (медиа-жоспар), мерзімді баспасөз басылымының (газеттің) атауын көрсету. Осы ұсыныстардың негізінде Серіктестік техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, шартқа қосымша болып саналатын баспа алаңдарын ұсыну кестесін (медиа-жоспар) әзірлейді;

6) үгіт материалының мәтінін қағаз түрінде (әрбір ұсынылған парақта уәкілетті (сенім білдірілген) адамның қолы болуға тиіс және электрондық жеткізгіште таратып жазу;

7) жазбаша өтініш берген уәкілетті (сенім білдірілген) адамның қолы қойылады.

Үгіт материалдары Серіктестікке модульдер және / немесе мақалалар түрінде беріледі

Үгіт материалдары Серіктестікке пошта арқылы электрондық мекенжайға ұсынылады: abaiaqparatkz@gmail.com немесе электрондық жеткізгішпен қолма-қол тапсырылады: Абай облысы, Семей қ., Абай көшесі, 96, 3 каб, мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде, TIFF форматы – макеттер үшін; WORD – мақалалар үшін; JPEG – фотосуреттер үшін.

Жарияланымдарда олардың төлемі, қаржыландыру көздері, ақпаратты ұсынған орган туралы ақпарат болуға тиіс.

Қазақстан Республикасы аумағында мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы сайлауы алдындағы үгіт жүргізу үшін баспа алаңын берудің төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер:

№

Қызмет

Өлшем бірлігі

Баға/тг

1

Үгіт-насихат бейнеролигін шығару (30 сек)

1 бейнеролик

50000

2

Үгіт-насихат аудиоролигін әзірлеу (30 сек)

1 аудиоролик

30000

3

Веб баннерді интернет ресурстарға орналастыру

1 күн

15000

4

018.kz желілік басылымына материалдарды жариялау

1 мақала

30000

5

Semeynews.kz желілік басылымына материалдарды жариялау

1 мақала

20000

6

Нысаналы жарнама (таргет)

1  мақала

50000

7

1 минуттық бейнеролик әзірлеу

1 бейнеролик

100000

8

Өңірлік @abaiaqparatkz паблигінде жарияланымдар орналастыру

1 жазба

30000

9

Өңірлік @semeynewskz паблигінде жарияланымдар орналастыру

1 жазба

2000

10

Өңірлік @semey24паблигінде жарияланымдар орналастыру

1 жазба

10000

11

Өңірлік @semey_public паблигінде жарияланымдар орналастыру

1 жазба

5000

12

Өңірлік @semeynewskz TikTok аккаунтында жарияланымдар орналастыру

1 жазба

20000

13

Өңірлік @abaiaqparatkz Telegram арнасында жарияланымдар орналастыру

1 жазба

30000

14

Өңірлік @semeynewskz Telegram арнасында жарияланымдар орналастыру

1 жазба

20000


*сома Қазақстан Республикасының аумағында ұсынылатын қызметтер үшін көрсетілген. 

Үгіт материалдарын орналастыру шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Серіктестік берген төлем шоты негізінде алдын ала төлем бойынша жүзеге асырылады. Төлем Шартта және төлем шотында көрсетілген Серіктестіктің банктік деректемелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

«Abay Media Group» ЖШС есеп шотына БСН 220440010660, «БанкЦентрКредит» АҚ Семей қ., ЖСК KZ968562203117166584, KCJBKZKX қолма-қол ақшасыз төлеммен төлеу.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив