Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Польша делегациясы Шәкәрім шаңырағында

25-04-2023, 11:55 SHAKARIM UNIVERSITY

Шәкәрім университетіне AZS WSG қауымдастығының делегациясы жұмыс сапарымен келді. Жиынға университет басшылығы, жобаның координаторлары, профессор Alexander Skaliy және «Быдгощ қаласындағы Экономика университетінің» Шығыс жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық жөніндегі деканы, профессор Tetiana Skaliy, Польша елінің белгілі онколог-хирургі, профессор Witold Kowalski, AZS WSG қауымдастығының өкілі, профессор Kateryna Mulyk, әлеуметтік серіктес Ядролық медицина және онкология орталығының Даму және стратегиялық жоспарлау жөніндегі директордың орынбасары Қуантқан Жабагин, Қоғамдық денсаулық сақтау PhD докторы, Басқарма төрағасының клиника және дипломнан кейінгі білім жөніндегі орынбасары Думан Берікұлы, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысты.

Алғы сөз сөйлеген университет басшысы Бауыржан Ердембеков Быдгощ Экономика университетімен Шәкәрім университеті базасында жетекші шетелдік жоғары оқу орнының филиалын ашу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіліп, нақты жұмыстардың атқарылып жатқандығын атап өтті.

- Әріптестіктің жарқын мысалдарының бірі – «RITA» жобасы. Жоба өзін-өзі диагностикалауға және сүт безі қатерлі ісігімен күресуге бағытталған. Өздеріңіз білетіндей, біздің аймақ бір кездері ядролық қаруды сынаудан қатты зардап шекті, сондықтан Рита жобасын іске асыру бүкіл Абай облысы үшін шын мәнінде әлеуметтік маңызы бар. Осы бағдарлама бойынша Шәкәрім университетінің үш оқытушысы Экономика университетінде ең озық әдістемелер бойынша оқытудан өтіп, қазір біздің студенттер мен қызметкерлерді оқытуда. Қазіргі таңда біздің университеттер өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға шешім қабылдады. Біз бакалавриат деңгейінде «Мехатроника» және «Спорт менеджері және рекреация» деген 2 бағдарлама бойынша қос диплом беруді іске қосамыз. Бұдан былай Польша мен Қазақстан арасындағы қашықтық қысқарады, өйткені Шәкәрім университетінің базасында Быдгощ қаласындағы Экономика университетінің филиалын ашпақпыз. Біздің студенттер еуропалық деңгейдегі жоғары білім алуға бірегей мүмкіндік алатын болады,- деді ректор.

Өз кезегінде профессор Alexander Skaliy Шәкәрім университетімен бірлесіп іске асыратын алдағы жоспары ауқымды екенін тілге тиек етіп, білім ордасының бүгінге дейін атқарылған жұмыстары аз емес екенін айтты.

- Шәкәрім университеті – Быдгощ Экономика университетінің сенімді серіктесі. Оқу орнымен бірқатар жобаларды бірлесіп іске асырудамыз. Сіздердің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары университетімізде тағылымдама мен академиялық ұтқырлық аясында білім алуда. Алдағы уақытта да ғылыми жобалар мен филиал ашу мәселесін қарастыратын боламыз,- деді профессор.

Сапар аясында «RITA – аймақтағы өзгерістер бағдарламасы» халықаралық жобасы аясында Қазақстанның жоғары оқу орындарының өкілдеріне арналған «Қазақстан жастарын сүт безінің қатерлі ісігін өзін-өзі диагностикалауға оқыту» жобасы бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Бас қосуда профессор Alexander Skaliy «RITA жобасын іске асырудың мақсаттары мен міндеттері», Франциск Лукашик атындағы Онкология орталығының хирург-онкологы Witold Kowalski «Сүт безі қатерлі ісігінің өзін-өзі диагностикалау Польшадағы сүт безі қатерлі ісігінің профилактикалық бағдарламасы», AZS WSG қауымдастығының өкілі, профессор Kateryna Mulyk «Украинадағы «RITA - аймақтағы өзгерістер» бағдарламасы аясында «Жас украин əйелдеріндегі сүт безі қатерлі ісігін өзін-өзі диагностикалау» Польша мен Украинаның жобасын жүзеге асыру тəжірибесі», Шәкәрім университетінің «Химиялық технология жəне экология» кафедрасының меңгерушісі, PhD Сабитова Альфира мен «Семей медицина университеті» КеАҚ-ның медицина ғылымдарының магистрі, шетелдік білім алушылармен жұмыс жөніндегі Мектеп деканы Балашкевич Наталья «Қазақстандық жастарды сүт безі обырын өзін-өзі диагностикалау əдістеріне оқыту» жобасын іске асыру туралы, маммолог - онколог, клиникалық онкология кафедрасының ассистенті Мусульманова Мадина «Сүт безі обыры мəселесінің өзектілігі жəне өңірде алдын алу шараларын іске асыру мəселесі» бойынша баяндама мен дәрістер оқылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив