Электрондық еңбек келісім-шарттары
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23 бабының 2 тармағы 27 тармақшасына сәйкес жұмыс берушілердің еңбек шартын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕАБЖ) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскерлермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты, оған енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы келесідей ақпараттарды жіберуге міндеттейді:
1) тараптардың реквизиттері – жұмыс беруші- жеке тұлғаның ЖСН-і немесе жұмыс беруші - заңды тұлғаның БСН-і, жұмыскердің ЖСН-і.
2) белгілі мамандық, кәсіп, біліктілік немесе қызмет (еңбек қызметі) бойынша жұмысы;
3) жұмыс істеу орыны;
4) еңбекшартының мерзімі;
5) жұмыстың басталу уақыты;
6) шарт жасасу мерзімі мен реттік нөмірі.
Осыған байланысты электрондық еңбек келісім-шарттарын Электрондық еңбек биржасы порталында (www.enbek.kz) тіркеу жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аудару қажет.