Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.79 595.07 6.56

Достық үйлерінің қызметкерлеріне арналған семинар ұйымдастырылды

Бүгін, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Жұмаділов Ұлттық Құрылтайдың V отырысында Президент көтерген бастамалардың маңызды екенін атап өтіп, қоғамдағы тұрақтылық пен береке-бірліктің негізгі тірегі болып отырған Достық үйлеріне шынайы ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ елімізде қоғамдық келісім мен этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуде Достық үйлері мен этномәдени бірлестіктер өз жұмысын жалғастыратындығы атап өтілді.

Абай облысы Қоғамдық келісім орталығы-облыстық Достық үйінің қызметкерлері Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлігіміз – әралуандықта» 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасымен және 2026 жылға жоспарлаған жобалармен таныстырды.

Облыстағы барлық Достық үйлерінің қызметкерлері Мемлекет басшысының бастамаларын қолдайтындықтарын жеткізіп, жаңа идеяларды белсене жүзеге асыратынын атап өтті.

Семинарда облыстық Достық үйінің қызметкерлері бірнеше секциялар бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, жақында этномәдени бірлестіктер үшін ашылған тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысып, ұлттық ойыннан шеберлік сағатын ұйымдастырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив