Cемей-17°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
502.27 597.15 6.57

Қазақстан Gulfood 2026 халықаралық көрмесінде алғаш рет Ұлттық павильонды таныстырды

Бүгін, 12:00 018.kz

Дубай қаласында (БАӘ) әлемдегі ең ірі әрі беделдіазық-түлік және сусындар өнеркәсібіне арналғанGulfood 2026 халықаралық көрмесі өтуде.

Қазақстан бұл жаһандық форумға алғаш рет бірыңғайҰлттық павильонмен қатысып отыр. Бұл шикізаттықемес экспортты дамыту және отандық агроөнеркәсіпкешені өнімдерін Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы елдерінің басым нарықтарына ілгерілету жөніндегі мемлекеттік саясат аясында ұйымдастырылды.

Ұлттық павильонды аралап көрген Ауылшаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров еліміздіңкөрмеге қатысуының стратегиялық маңызынатоқталды.

«Gulfood 2026 көрмесіне қатысу  еліміздіңхалықаралық нарыққа сапалы, қауіпсіз әрі бәсекеге қабілетті агроазық-түлік өнімдерін сенімді жеткізушіболуға дайын екенін көрсететін маңызды қадам. Бұлалаң халықаралық дистрибьюторлар мен трейдерлермен тікелей B2B байланыстар орнатуға, Таяу Шығыс, Парсы шығанағы, Африка және Оңтүстік Азия нарықтарына қазақстандық өнімдердің экспортын кеңейтуге, Kazakhstan брендін ілгерілетуге, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніне шетелдік инвестициялар мен технологиялық серіктестер тартуға мүмкіндік береді», – деді министр.

Әлемдік жетекші брендтермен бір алаңда 30 қазақстандық компания өз өнімдерін ұсынып отыр. Онда экспортқа бағытталған 300-ден астам өнім атауыбар, оның ішінде дәнді дақылдар мен оларды тереңөңдеу өнімдері, ұн, ет және сүт өнімдері, өсімдікмайлары мен май өнімдері, сондай-ақ жоғарықосылған құны бар қайта өңделген өнімдер ұсынылған. Отандық өндірушілердің көпшілігі халықаралық аккредитациядан өткен және Halal стандарттарына сайкеледі. Олардың қатарында Baltic Control Kazakhstan, Olzha Agro, Atameken Agro, Green Vitamin, QAYIP ATAжәне басқа да компаниялар бар.

«Қазақстанның көрмеге қатысуы республикалықбюджет қаражатынсыз ұйымдастырылды, яғни барлықшығынды компаниялардың өздері көтерді. Бұл бизнес саласының халықаралық нарықтарға дегенқызығушылығының жоғары екенін және экспорттықәлеуетті дамыту жолындағы стратегиялық көзқарасынайқын көрсетеді. Қазақстан әріптестікке, инвестицияларға және бірлескен бастамаларға ашық», — деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Айта кетейік, Gulfood көрмесі жыл сайын әлемнің190-нан астам елінен мыңдаған компания мен кәсібикелушіні біріктіріп, азық-түлік тауарларыныңхалықаралық саудасын дамытудағы негізгі платформа саналады.

Gulfood 2026 көрмесі 30 қаңтарға дейін жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив