Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
502.27 597.15 6.57

Туризмді дамыту: өңірлерде қандай жұмыс жүргізілуде

Бүгін, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында бірқатар өңірлер әкімдерінің туризмді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндамаларын тыңдады.

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев облыстың туристік дамуының негізін 5 басым бағыттағы дестинациялар құрайтынын атап өтті. Өңір басшысының сөзінше олардың қатарында – Алакөл мен Балқаш көлдері, «Алтын–Емел» және «Жоңғар–Алатау» ұлттық парктері, сондай-ақ Жоңғар Алатау тау жотасы бар.

«Соңғы үш жылда облыста туризмді дамытуға мемлекеттік бюджеттен 58,5 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 2025 жылы 30,2 млрд теңге. Бұл өңірдің даму бюджетінің шамамен 30%-ын құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста дербес Туризм басқармасы құрылды, 5 ауданда туризм бөлімдері ашылды. Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалау аумақтарын тұрақты күтіп ұстауды қамтамасыз ету мақсатында «Алакөл Тазалық» және «Балқаш Тазалық» коммуналдық кәсіпорындары құрылды», — деді Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев.

Облыс басшысының сөзінше қазіргі таңда бұл кәсіпорындардың материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 1,1 млрд теңге бөлініп, 41 арнайы техника сатып алынды.

Суда жүзу құралдарының қозғалысын бақылауды күшейту және демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыста жалпы су пайдаланудың қағидалары бекітілді. Алакөл ауданындағы Үшарал қаласы әуежайын қайта жаңарту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Алакөлдің жағалауында Бескөл және Ақши ауылдары аралығында 57 шақырым электр желісі мен 2 қосалқы стансаның құрылысы яқталып пайдалануға берілді.

Сонымен қатар ол Ақши ауылында кәріз жүйесін салу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. 2024 жылы бірінші кезеңі – кәріз құбырлары толық салынып бітті. Қаражаты толық бөлінсе биыл жыл соңына дейін жобаны толық аяқтау жоспарланып отыр.

«Көл жағалауын бекіту бөгеті құрылысының бірінші кезеңі жүзеге асырылуда, қажетті қаражат бөлінген жағдайда 2027 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда. Екінші кезеңі бойынша жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде. Көл жағалауындағы қоқыс шығару мәселесін шешу үшін ауданы 10 га қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонының  жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Биыл Алакөл көлінің жағалауында қосымша 100 қоқыс контейнері, 40 киім ауыстыратын орын, 40 биодәретхана, 40 құтқару мұнарасы, 13 шақырым буй желілері және 8 пирс орнатылады. Осылайша, туристер үшін қолайлы жағдай жасалатын болады», — деді Бейбіт Исабаев.

Сондай-ақ облыс әкімі Балқаш көліне апаратын Алматы – Өскемен трассасынан Лепсі ауылына дейінгі 75 шақырым жол қайта жаңғыртудан кейін былтыр ашылғанын, Лепсі стансасында жаңа теміржол вокзалының құрылысы биыл аяқталатынын атап өтті.

Былтыр Лепсі ауылынан Балқаш көліне дейін электр, ауыз су желілері тартылды. Көл жағалауында инженерлік-коммуникациялық желілерін салу аяқталу сатысында. Биыл жобаны толық аяқтау үшін жергілікті бюджеттен 1,6 млрд теңге бөлінді.

Сонымен қатар осы жылы жазғы маусымға дейін жағалауда 2 коммуналдық жағажай салынады. Бұдан бөлек экологиялық туризмді дамыту мақсатында жеке инвестициялар есебінен «Алтын-Емел» ұлттық паркінде және Тополевка ауылында визит-орталықтары ашылды. Жасылкөлге жол құрылысы биыл аяқталады. 

Еліміздегі ең биік «Бұрхан-Бұлақ» сарқырамасына апаратын 31 шақырым автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Облыста туризмді дамыту және туристерге жағдай жасау жұмыстары тұрақты бақылауда.

«Қарағанды облысында туризмді дамытудың жол картасы» қабылданды

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірде Балқаш және Қарқаралы курорттық аймақтары негізгі туристік орталықтар ретінде айқындалғанын атап өтті. Өткен жылы облыс 370 мың туристі қабылдап, көрсетілген қызмет құны 8,0 млрд теңгені құрады, 3,7 млрд теңгеге жуық сомаға 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Мониторингтік топтар барлық 148 демалыс аймағы мен 26 жағажайға тексеру жүргізді. Туристік орындарды, жағажайларды, медициналық пункттер мен санитарлық-гигиеналық тораптарды абаттандыру жұмысы күшейтілді, полиция қызметінің тәулік бойы кезекшілігі бекітілді.

«Қарағанды облысында туризмді дамытудың жол картасы» қабылданды. Облыстық деңгейде Туризм басқармасы және Балқаш қаласында туризм және спорт мекемелері құрылды. Қарағанды – Балқаш автомобиль жолын реконструкциялау, Қарағанды – Қарқаралы жолын орташа жөндеу; Балқаш қаласының «Бертіс» шығанағы ауданында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы мен «Жарлы – Қарқаралы» су құбырын салу жұмысы аяқталды. Балқаш әуежайы кешенді жаңартылды, жабдықтарды сатып алу жұмыстары жүргізілуде. 

«Астана мен Алматыға әуе қатынастарын ашуды жоспарлап отырмыз. Балқаш қаласындағы Тораңғалық туристік кентінде топтық магистральдық су құбырының құрылысы жалғасуда. Биыл құтқарушыларға арналған 2 капсулалық-модульдік бекет орнатылады, құтқару стансасы жөнделеді, 4 пирс жабдықталады. «Balkhash» өңірлік индустриялық аймағы құрылды, онда осы жылы жалпы құны 4,0 млрд теңге болатын екі қонақ үйдің құрылысы басталады. Облыста жол бойындағы сервис объектілерінің 104 бірлігі жұмыс істейді. Биыл сегіз автожанармай құю стансасын, бес санитарлық-гигиеналық торапты салу жоспарда бар. Бизнеске жол бойындағы инфрақұрылым нысандарын салуға қосымша алты жер учаскесі аукцион арқылы берілді. Қарқаралы ауданында «Бұғылы» рекреациялық аймағында бизнес объектілері үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы басталды. Балқаш пен Қарқаралы маңында ұялы байланысын таратуға арналған 6 антенна-матч нысандары орнатылады. Жалпы, алдағы 3 жылда 67 млрд теңгеге 36 инвестициялық жоба портфелі қалыптастырылды», — деді Ермағанбет Бөлекпаев. 

Облыс басшысының сөзінше туристік дестинацияларды дәріптеу мақсатында республикалық іс-шаралар күнтізбесінің жыл сайынғы «BalkhashTourFest» фестивалі өтеді. Маңызды қадамның бірі – туристік саланы цифрландыру. Демалыс аймақтарын Каспи травел мен Фридом травел сервистеріне қосу бойынша жұмыс ұйымдастырылуда. Облысқа осы жылы 600 мыңнан астам қонақ келеді деп болжануда, туризм саласына 30 млрд теңге тарту көзделген.

Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мен туристер үшін жайлы жағдай жасау шараларына облыс бюджетінен 7,0 млрд теңге қарастырылған. Туристік саланы дамыту іс-шараларының орындалуы облыс басшысының жеке бақылауында.

Өткен жылы Маңғыстау облысына 500 мыңнан астам турист келген

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қазіргі таңда өңірге келетін туристер саны жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. Алдын ала деректер бойынша 2025 жылы өңірге 500 мыңнан астам турист келген, көрсетілген қызметтер көлемі 17 млрд теңгеден асып, өсім 13%-ды құрады. 

«Мемлекет басшысының халықаралық әуе қатынастарын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында былтыр Ақтау – Дубай және Ақтау – Нүкіс бағыттары бойынша 2 халықаралық әуе рейсі іске қосылды. Бүгінгі таңда Ақтау қаласының әуежайы 16 халықаралық бағыт бойынша қызмет көрсетуде. Мемлекеттік қолдау көрсету аясында 10% мөлшерінде жалпы сомасы 269,5 млн теңгені құрайтын 2 жобаға субсидия берілді. 2025 жылы жалпы сомасы 4,6 млрд теңгені құрайтын  4 инвестициялық жоба аяқталып, 110 тұрақты жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ Ақтау қаласының Бас жоспарын өзектендіру жұмыстары аяқталды. 2026 жылы халықтың жаппай демалу орындарын абаттандыру аясында 2 жоба жүзеге асырылады: Ақтау қаласындағы «Солдатский» коммуналдық жағажайы және Ақтау қаласындағы жалпы ұзындығы 4 шақырым болатын жағалауды абаттандыру жобасы. Маусым айында жалпы сомасы 12,3 млрд теңгені құрайтын 3 вокзалдың құрылысы аяқталады деп жоспарлануда», — деді олбыс әкімі.

Сонымен қатар ол туристік локацияларға қолжетімділікті жақсарту мақсатында ұзындығы 11,5 шақырым болатын «Сартас – Қапамсай» автомобиль жолының құрылысы және ұзындығы 13,2 шақырым болатын Бозжыра шатқалының жоғарғы шолу алаңына апаратын автомобиль жолының құрылысы басталғанын баяндады. Аталған жобаларды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. «Кендірлі» курорттық аймағын стратегиялық дамыту аясында сәуір айында аймақтың мастер-жоспарын әзірлеу аяқталады, ал маусым айында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы мен бас жоспары аяқталады. «Кендірлі» әуежайының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында 2025–2029 жылдарға арналған «Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың кешенді жоспары бекітілді

Кешенді жоспар 9 бағытты және 102 іс-шараны қамтиды, жалпы қаржыландыру көлемі 400,9 млрд теңгені құрайды. Кешенді жоспар инвестициялар тарту, инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру, қауіпсіздік, туристік өнімді ілгерілету және өзге де бағыттарды қамтиды. Кешенді жоспардың инфрақұрылымдық жобаларын қаржыландыру «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингінің тетіктері арқылы пысықталуда. 2026–2029 жылдары жалпы құны 186,5 млрд теңгені құрайтын 13 туристік инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Биыл жалпы құны 55,6 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Облыс басшысы «Жылы жағажай» аумағындағы Swissotel қонақ үй кешені жобасына қатысты «Integra Construction KZ» ЖШС атынан жаңа инвестордың жоба капиталына кіру рәсімі аяқталғанын, жақын арада жобаны қаржыландыру күтілетінін атап өттті. Қаржыландыруды алғаннан кейін қонақ үй кешенінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау, содан кейін ағымдағы жылы сауда қатарларын және гольф-клубты іске қосу жоспарлануда. Туристер үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында «Бозжыра» шатқалында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде. Бүгінгі таңда жалпы құны 7,7 млрд теңгені құрайтын 4 жоба пулда бар, оның ішінде: 1 жоба аяқталды, 1 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде, 2 жоба жобалау сатысында.

Өңірдің имиджін ілгерілету және туристік ағынды арттыру мақсатында өңірде 20-дан астам оқиғалық іс-шара өткізу жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив