Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
503.9 603.32 6.61

Кешегі сарбаз – бүгінгі кәсіби әскери қызметші

Бүгін, 13:31 018.kz

Бүгінде елімізде әскери қызметті өмірлік мамандық ретінде таңдаған жастардың қатары артып келеді. Осы үрдістен Абай гарнизонына қарасты 11098 әскери бөлімінің жеке құрамы да тыс қалған жоқ. Мұнда мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген бірқатар сарбаздар келісімшарт негізінде әскери қызметте қалуды шешкен. Солардың бірі 11098 әскери бөлімінің сарбазы кіші сержант Ерзат Қабдырманапов. Кешегі сарбаз өзі шешім қабылдап,  келісімшарт негізінде әскери қызметте қалды. Енді ол Отан алдындағы борышын осы бөлімде жалғастырып, кәсіби әскери қызметші ретінде еңбек етеді.

- Мерзімді қызмет барысында әскери өмірдің маған жақын екенін түсіндім. Келісімшартқа отыруға шешім қабылдадым. Әскери қызметшілерге мемлекет тарапынан көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, сарбаздарға кредиттік каникулдар мен әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдері бар, - дейді Ерзат Қабдырманапов

Кіші сержант Ерзат Қабдырманапов – Семей қаласының тумасы. Өз туған жерінде қызмет ету оның таңдауының тағы бір маңызды себебі болған.

«Өзім осы Семей қаласында туып-өстім. Сондықтан осында қызмет еткен ыңғайлы. Отбасым да жақын жерде».

Отан алдындағы борышын өтеп жүріп келісімшарт бойынша әскери қызметші атанған тағы бір сарбаз – қатардағы жауынгер Аңсар Шернияз. Ол да әскери өмірді өзінің болашағымен байланыстыруды шешті. 

«Әскери қызмет маған тәртіп пен жауапкершілікті үйретті. Сондықтан мен келісімшарт бойынша әскери қызметші болуды таңдадым. Әскер ер азаматқа арналған нағыз мектебі деп ойлаймын».

Айта кету керек, келісімшарт негізіндегі әскери қызмет – бұл тек тұрақты жұмыс емес, сонымен қатар мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдаулар мен кәсіби дамуға жол ашатын маңызды қадам. Сондай-ақ Отанға қызмет етемін деген жастар үшін үлкен мүмкіндік.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив