Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай28°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
488.37 559.77 6.64

Пәкістанның Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін табыс етті

25-04-2023, 12:44 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш жаңадан тағайындалған Пәкістанның Қазақстандағы Елшісі Науман Башир Бхаттиден сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Қ. Тумыш Елшіні қызметке тағайындалуымен құттықтап, оның алдағы қызметі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды әрі қарай дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Сұхбат барысында дипломаттар өзара қызығушылық тудыратын барлық салалардағы Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастығының, сондай-ақ көпжақты платформалар аясында оның жай-күйі мен келешегін талқылады.

Пәкістанның Елшісі екіжақты өзара іс-қимылды жандандыру үшін күш салу ниетін білдірді.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы әріптестікті одан әрі нығайту үшін тығыз байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив