Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.77 502.38 5.23

Малайзияның Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

23-02-2023, 21:27 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш жаңадан тағайындалған Малайзияның Қазақстандағы Елшісі Мохд Адли Бин Абдулладан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Қ. Тумыш Елшіні қызметке тағайындалуымен құттықтап, оның алдағы қызметі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Сұхбат барысында дипломаттар өзара қызығушылық тудыратын барлық салалардағы Қазақстан мен Малайзия арасындағы ынтымақтастығының, сондай-ақ көпжақты платформалар, оның ішінде БҰҰ, АӨСШК, ИЫҰ және т.б. ұйымдар аясындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен келешегін талқылады.

Малайзия Елшісі екіжақты ынтымақтастықты жандандыру үшін күш салу ниетін білдірді.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Малайзия арасындағы әріптестікті одан әрі нығайту үшін тығыз байланыстарды жалғастыруға келісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив