Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455 498.77 5.56

Сауд Арабиясының Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

29-03-2023, 18:30 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш жаңадан тағайындалған Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Файсал Әл-Қахтанидан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Министрдің орынбасары Сауд Елшісін қызметке тағайындалуымен құттықтап, жоғары деңгейде қалыптасқан қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететіндігін атап өтті.

Ф. Әл-Қахтани екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты дамыту үшін барлық күш-жігерін салуға ниетті екенін жеткізді.

Сұхбат барысында дипломаттар Қазақстан-Сауд Арабиясы ынтымақтастығының күн тәртібінде тұрған бірқатар маңызды мәселерді және өзара ықпалдастықтың келешегін талқылады.

Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы әріптестікті өзара белсенді қолдауға келісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив