Cемей-18°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
503.9 603.32 6.61

2025 жылы Shin-Line балмұздақ өндірісінің өсімі 28%-ды құрады

Бүгін, 16:41 018.kz

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы балмұздақ өндіруші ірі компаниялардың бірі — Shin-Line өндірістік көрсеткіштердің тұрақты өсім көрсетті. Компания ішкі және сыртқы нарықтағы орнын нығайтып, елдің агроөнеркәсіптік кешенінің қайта өңдеу саласын дамытуға елеулі үлес қосты.

Нақты айтқанда, өндіріс көлемі 28%-ға артты. Бұл алдыңғы жылдардағы қарқанды өсімнің жалғасындай болды, мәселен, 2023 жылы өсім 22%-ды, 2024 жылы 24%-ды құраған. Ішкі нарықтағы сату көлемі 31%-ға өскен, бұл орташа нарықтық көрсеткіштерден жоғары және отандық өнімге деген сұраныс деңгейін көрсетеді.

Бұл жетістік Алматы қаласында автоматтандырылған желілермен және заманауи технологиялық шешімдермен жабдықталған жаңа өндірістік кешеннің іске қосылуымен тікелей байланысты. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына 300 мың тоннаға дейін өнім шығаруға мүмкіндік беріп, операциялық тиімділіктің жоғары болуын және одан әрі нығаю әлеуетін қамтамасыз етеді.

Компания экспорттық бағытты да белсенді қолға алуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Shin-Line өнімі Еуразиялық экономикалық одақ елдерін қоса алғанда, 10 шет мемлекетке экспортталды. Экспорт халықаралық нарықтардың сертификаттау, рецептура және қаптама талаптарын ескере отырып жүзеге асырылады, бұл қазақстандық қайта өңделген өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Компания табысты ұлғайтумен қатар, сапа мен қауіпсіздікті де қатаң назар аударады. Өндірістік үрдістер тағам қауіпсіздігі бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және шикізатты кіріс бақылаудан бастап дайын өнімді тексеруге дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын көпдеңгейлі бақылау жүйесін қамтиды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Shin-Line балмұздақ өндіру саласындағы жетекші отандық өндіруші мәртебесін тағы да растады. Компанияның инвестициялық жобаларын іске асыру агроөнеркәсіптік кешеннің қайта өңдеу саласын дамытуға, жоғары қосылған құны бар өнім экспортын ұлғайтуға және Қазақстанның халықаралық азық-түлік нарықтарындағы орнын нығайтуға ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив