Конституцияға қылмыстық процесте прокурор мен адвокаттың мәртебесін тең ететін норма енгізіледі
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бүгінгі отырысында Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев Ата заңға адвокаттардың мәртебесін нығайтатын нормалардың енетінін ерекше қуанышты жаңалық деп сипаттады.
— Мен үшін ерекше маңызды әрі қуанышты жайт — адвокатты Конституция деңгейінде қылмыстық процесте прокурормен тең дәрежедегі тарап ретінде бекіту туралы ұсыныстың қолдау табуы. Жобаға алғаш рет адвокаттардың құқықтық мәртебесіне арналған арнайы бап енгізіліп отыр. Бұл бізге процестің өзге қатысушыларымен тең жағдайда азаматтың құқықтарын қорғауға нақты мүмкіндік береді, — деді Мәди Мырзағараев.
Оның пайымдауынша, өзгертулер жобасына енгізілген жаңа нормалар қоғамның күткен сұраныстарына сай келеді.
— Себебі олар адамның енгізгі құқықтарына тікелей қатысты. Атап айтқанда, «жауапкершілікті күшейтетін заңның кері күші болуы мүмкін бе» деген мәселе, сот шешімінсіз ұстауға жол бермеу кепілдіктері, құқық қорғау органдарының ұсталған азаматқа сол сәттің өзінде оның құқықтарын түсіндіру міндеті секілді түйінді сұрақтар қамтылған, — деді Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзіЖоғары қадағалау – абыройлы міндетҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияның 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда сөйлеген сөзі