Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.61 503.83 5.48

Облыс әкімі шоу матчты тамашалады

30-01-2026, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семейде өтіп жатқан халықаралық Semey Cup футзал турнирі аясында ұйымдастырылған футзал жұлдыздарының қатысуымен өткен шоу-матчы тамашалады.

Көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлаған кездесуге әлемге танымал қақпашы Лео Игита және Ферраоның достары қатысты. Сондай-ақ, Самат Смақов, Рикардо Кака, Димаш Сүлейменов, Серік Жаманқұлов және басқа да футзал әлемінің танымал тұлғалары бір алаңда доп тепті. 

Ойынның негізгі уақытында қос команда да тартысты ойын өрнегін көрсетіп, есеп 8:8 болып тең аяқталды. Кездесу тағдырын анықтаған пенальти сериясында Ферраоның командасы мергендігімен көзге түсіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, халықаралық Semey Cup футзал турнирі кеше басталған болатын. Оған «Семей», «Тұлпар» және «ИрАэро» командалары қатысып, өзара мықтыны анықтауда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив