Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
503.17 600.89 6.63

Облыс әкімі «Транстелеком» АҚ өкілдерімен кездесті

Бүгін, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли «Транстелеком» АҚ өкілдерімен кездесіп, өңірде жүзеге асыру үшін ұсынылған цифрлық жобалармен танысты.

Кездесу барысында «Транстелеком» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Қуатов облыс аумағында телекоммуникация, цифрландыру, қауіпсіздік және инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жобаларды таныстырды. Компания 25 жылдан астам уақыттан бері Қазақстанда байланыс, IT, автоматика және жүйелік интеграция салаларында ірі жобаларды іске асырып келеді.

Ұсынылған жобалардың қатарында білім беру нысандарын кешенді цифрландыру, бейнебақылау мен жасанды интеллект негізіндегі қауіпсіздік жүйелерін енгізу, мектептердегі тамақтануды автоматтандыру, желілік инфрақұрылымды жаңғырту және бірыңғай басқару жүйесін құру бар. Бұл шешімдер оқушылардың қауіпсіздігін арттырып, әкімшілік басқарудың тиімділігін күшейтуге бағытталған. Сондай-ақ, шалғай елді мекендердегі әлеуметтік нысандарды жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамту мақсатында спутниктік байланыс технологияларын пайдалану, сыртқы жарықтандыруды басқарудың «ақылды» жүйесін енгізу, қоғамдық кеңістіктерде заманауи цифрлық сервистерді дамыту жобалары ұсынылды.

Аймақ басшысы ұсынылған жобалардың өңір үшін маңызды екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев цифрландыру мәселесіне айрықша назар аудара отырып: «Цифрландыру – экономиканың тиімділігін арттыратын, мемлекеттік басқарудың сапасын жақсартатын және азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеретін басты фактор» деп айрықша атап өткен болатын. Осы тұрғыда цифрлық технологиялар саласына инвестиция тарту – өңіріміз үшін стратегиялық маңызы бар бағыт. IT-инфрақұрылымды дамытуға, цифрлық сервистерді енгізуге, деректерді өңдеу орталықтарын құруға, өнеркәсіп пен аграрлық секторды цифрландыруға, сондай-ақ мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерді автоматтандыруға бағытталған жобалар облысымыз үшін аса қажет», – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі кездесуде тиісті басқармаларға ұсынылған жобаларды жан-жақты зерделеп, нақты ұсыныс беруді тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив