Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
482.53 555.44 5.92

Жаңа Конституцияның жобасы: егемендік пен аумақтық тұтастық – өзгермейтін құндылықтар

30-01-2026, 16:32 Думан Кенжеғазыұлы

Жаңа Ата Заңның жобасында Қазақстанның мемлекеттік ұйымдастырылуын айқындайтын, егемендігі мен дербестігін нығайтатын іргелі ережелер қарастырылды. 

Бұл туралы Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді.

Ол Конституцияның жобасын таныстырды және аталған ережелер «Конституциялық құрылыстың негіздері» атты бірінші бөлімге енгізілгенін атап өтті.

«Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы – унитарлы мемлекет. Басқару нысаны – президенттік республика деп тұжырымдалды. Осылайша бұрын бірқатар ғалымдар мен мамандардың басқару нысанын нақтылау қажеттігі туралы ұсынысы жүзеге асты», – деді Бақыт Нұрмұханов.

Бұл ретте Комиссия мүшесінің айтуынша, еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылысын қатардағы заңмен емес, конституциялық заңмен айқындау ұсынылған.

«Егемендік пен Тәуелсіздік, унитарлық, аумақтық тұтастық, Республиканың басқару нысаны ешқашан өзгермейтін құндылықтар қатарына жатқызылды. Бұл мызғымас талап Конституцияның алғашқы нормаларында бекітілді», – деді Конституциялық Сот төрағасының орынбасары.

Сонымен бірге, спикер Комиссияның кешегі отырысында егемендіктің иесі – халық екенін конституциялық деңгейде бекіту туралы ұсыныс жасалғанын еске салды. 

«Бұл идея Конституция мәтінінде көрініс тапты. 4-бапта мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі – Қазақстан халқы, деп шегеленіп жазылды», – деді Бақыт Нұрмұханов.

Оның айтуынша, Конституция мәтінінде «республикалық референдум» ұғымы «жалпыхалықтық референдум» деп өзгертілді. 

Бұдан бөлек, халық билікті жалпыхалықтық референдум және еркін сайлау арқылы тікелей жүргізеді және өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді, деген норма тұжырымдалды.

Пікірлер (1)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Арайлым Оразгалиева

Жаңа құжат - жаңа көзқарас - жаңа бетбұрыс! Конституциялық комиссия әзірлеген жаңа Конституция жобасы – елдегі саяси-құқықтық жаңғырудың логикалық жалғасы. Құжатты дайындау барысында азаматтар, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар мен сарапшылардың ұсыныстарының ескерілуі мемлекеттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын институционалдық деңгейде бекітіп отырғанын көрсетеді. Преамбуланың толықтай жаңартылуы – Қазақстанның тарихи сабақтастығын, қазіргі даму бағыты мен болашақ стратегиялық мақсаттарын айқындайтын маңызды қадам. Бұл норма Конституцияның тек құқықтық емес, сонымен қатар құндылықтық негізін күшейтеді. Оразгалиева Арайлым Канатовна - PhD докторы, қауымдастырылған профессор, «Шәкәрім университеті» КеАҚ Жастарды әлеуметтік қолдау және дамыту орталығының басшысы, ҚХП, ҚӘКА, облыстық Аналар кеңесі, қалалық Қоғамдық кеңес мүшесіҚазақстанның ұзақ мерзімге орнықты дамуына толықтай негіз бар деп санаймын. Адами капиталды, білім беру, ғылым мен инновацияны мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде бекіту – мығым ел болуымыз үшін аса өзекті шешім. Бұл норма әлеуметтік әділеттілік, сапалы білім мен зияткерлік әлеуетті арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың конституциялық деңгейде бекітілгенін білдіреді. Жалпы алғанда, жаңа Конституция жобасы қоғам сұранысына сай келетін, заманауи сын-қатерлерге жауап бере алатын әрі құқықтық мемлекетті нығайтуға бағытталған маңызды құжат деуге толық негіз бар. Оразгалиева Арайлым Канатовна - PhD докторы, қауымдастырылған профессор, «Шәкәрім университеті» КеАҚ Жастарды әлеуметтік қолдау және дамыту орталығының басшысы, ҚХП, ҚӘКА, облыстық Аналар кеңесі, қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі

Ответить 30 Қаңтар 2026 21:31