Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
501.02 597.27 6.59

Мақаншы аудандық ардагерлер кеңесі конституциялық реформаларды қолдайды

Бүгін, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Мақаншы ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Калиев Советкан Тоғанбайұлы Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтыруларға қатысты өз пікірін білдірді.

Оның айтуынша, конституциялық реформалар еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Бұл өзгерістер мемлекетті басқару жүйесін жаңғыртуға, халық билігін нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталған.

Советкан Тоғанбайұлы Мақаншы аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері аталған реформаларды толық қолдайтынын атап өтті. Өмірлік тәжірибесі мол, елдің өткені мен бүгінін көріп, тәуелсіздік жылдарындағы өзгерістерге куә болған ардагерлер бұл бастамаларды заман талабынан туындаған, ел болашағы үшін аса қажет қадам деп бағалайды.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Конституцияға енгізілетін өзгерістер әділетті қоғам құруға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға және азаматтық қоғам институттарын дамытуға жол ашатынына сенім білдірді. Заңның үстемдігі күшейіп, халықтың мемлекет басқару ісіне қатысу мүмкіндігі кеңейген сайын, ел бірлігі мен қоғамдық тұрақтылық нығая түсетінін айтты.

Сонымен қатар, реформалар жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге және әрбір азаматтың пікірінің ескерілуіне негіз қалайды. Бұл қадамдар жас ұрпақтың болашағы үшін жасалып отырған жауапты әрі батыл шешім ретінде бағаланып отыр.

Калиев Советкан Тоғанбайұлы аудандық ардагерлер кеңесі алдағы уақытта да конституциялық реформалардың мәні мен маңызын халық арасында түсіндіру, жастарға елдік пен жауапкершілік рухын сіңіру бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беретінін жеткізді. Сондай-ақ, ардагерлер елдің тыныштығы мен тұрақтылығы, мемлекетіміздің өркендеуі жолында жүзеге асырылып жатқан игі бастамаларды әрдайым қолдайтынын айтты.

Түйіндей келе, ардагерлер кеңесінің төрағасы Конституцияға енгізілетін өзгерістерді тәуелсіз Қазақстанның жаңа даму кезеңіне нық қадам басуының айқын көрінісі деп бағалады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив