Семей қаласында «Спорт – терроризм мен экстремизмге қарсы» шаңғы жарысы өтті
Бүгін Семей қаласында шаңғы жарысынан «Спорт – терроризм мен экстремизмге қарсы» қалалық чемпионаты өтті.
Спорттық додаға 200-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс жолына Семей қаласынан, Курчатов қаласынан және Бородулиха ауданынан келген шаңғышылар шықты. Қатысушылардың жас ерекшелігі 8 жастан 50 жасқа дейінгі аралықты қамтыды.
Чемпионаттың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа баулу және қоғамда терроризм мен экстремизмге қарсы берік ұстанымды қалыптастыру. Жарысқа кәсіби спортшылармен қатар әуесқой шаңғышылар да белсене қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген санаттарда ерлер мен әйелдер арасында жүлделі I, II және III орын иегерлері анықталды.
18–35 жас санаты бойынша ерлер арасында I орынды Меир Кутуев, II орынды Нұрболат Қызырбеков, III орынды Андрей Рафалович иеленді. Әйелдер арасында I орын Галина Вишневская-Шепоренкоға, II орын Айнаш Сабитоваға, III орын Алла Галузоваға бұйырды.
36–50 жас санатында ерлер арасында I орын Марат Ибраимовке, II орын Ернат Рыспаевқа, III орын Елжан Лепсибаевқа берілді. Әйелдер арасында Татьяна Купцова – I, Галина Залознева – II, Мөлдір Аяшқанова – III орын алды.
50 жастан жоғары санатта ерлер арасында Еркін Нығыметов – I, Мират Магзумов – II, Нұрлан Бегадилов – III орын иеленді. Әйелдер арасында I орын Светлана Алимбаеваға, II орын Елена Каиноваға, III орын Вера Губаньковаға табысталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен медальдар табысталды.





