Amanzholov University қонақтарына 500 литр наурыз көже таратылды
Amanzholov University қонақтарына 500 литр наурыз көже, бір тонна палау және бірнеше мың ыстық бауырсақ таратылды.
Amanzholov University Наурыз мейрамын мерекелеудің ұлттық дәстүрлерін үлкен ауқымда көрсетті. Ұлттық киімдер, спорттық жарыстар, ұлттық тағамдар барлығы бірлік пен жасампаздық атмосферасында болды.
Amanzholov University ұлттық мерекені кең көлемде атап өту үшін бәрін жасады. Ұлттық стильдегі театрландырылған шоулар, ауқымды көрмелер, қолөнершілер жәрмеңкесі, ұлттық тағамдарды дайындауға арналған шығармашылық конкурстар – бұл Наурыз мерекесінің бір бөлігі ғана. ЖОО алдында жеті ақ киіз үй орнатылды, келушілер Абай мен Ыбырай Алтынсариннің, Қаныш Сәтпаев пен Дінмұхамед Қонаевтың, Сәрсен Аманжолов пен Қанипа Битібаеваның, Юмаш Увалиевтің ауылдарында мерекелік киіз үйдің сыртқы және ішкі безендірілуімен, осы көрнекті тұлғалардың өмірі мен қызметімен танысты.
ЖОО ұжымымен жарты тонна палау, екі мың бауырсақ және 500 литр наурыз көже дайындалды. Салтанатты әуен мен ұлттық билер ауданның түкпір-түкпірінен қонақтарды шақырды, ақсақалдар жас ұрпаққа бата беріп, ақындар айтыста бақ сынасты.
Барлық ниет білдірушілер ұлттық спорт түрлері бойынша, оның ішінде қой көтеру, арқан тарту, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, асық ату, аударыспақ сынды сайыстан күш сынасты. Сондай-ақ, қазақтың ежелгі әдет-ғұрыптарының бірі-тұсау кесер ұйымдастырылды.