Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Семейде 30-ға тарта киіз үйлер тігілді

22-03-2023, 09:01 018.kz

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары

Бүгін, 2023 жылғы 22 наурызда орталық алаңда сағат  мерекелік бағдарламалар мен ұлттық ойындар, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. 30-ға тарта киіз үйлер тігілді.

Бұл жолғы Наурыз мейрамын тойлаудың  бір ерекшелігі, әртүрлі тақырыптарды арқау ететін импровизацияланған ауылдар ұлттық салт-дәстүрлер бойынша өнер көрсетеді. Мысалы, Абай, Құнанбай қажы, Абылай, Шәкәрім, Ахмет, Төле би, Қажымұқан, Біржан сал, Қабанбай батыр, Бұқар жырау, Достық, Әл-Фараби, Мұхтар Әуезов, Кенесары хан, Шоқан, Теміржолшылар ауылдары киіз үйдің алдында театрландырылған қойылымдар қойып, ұлттық тағамдардан дәм ұсынады. Наурыз көже, палау, бауырсақ, ыстық шай тегін таратылады

Сондай-ақ, көрме, концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындардан жарыстар өткізіледі. Бүгін 12:00- де Қазақстан эстрада әншісі Алтынай Жорабаева Орталық  алаңда ән шырқайды. 

Сонымен қатар, 22 наурыз күні Орталық алаңда 17:00-22:00 аралығында Қазақстан эстрада жұлдыздары Бүркіт пен Аиша, Әбдіжаппар Әлқожа, Динара Алжанның қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

Барша қала тұрғындары мен  қонақтарын ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын бірге атап өтуге шақырамыз. Наурыз құтты болсын!

Семей қаласының әкімдігі


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив