Cемей-17°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
503.44 593.35 6.55

Облыс әкімі шет елдік инвесторлармен кездесті

Бүгін, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Қытай Халық Республикасының «СанБао» корпорациясының президенті Кан Хэпин және «Ордос Ваньцзянь Групп» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ли Цзиньси бастаған инвесторлармен кездесті.

Жиында бұған дейінгі кездесулерде қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижелері және бірлесіп жүзеге асырылып жатқан жобалардың іске асырылу барысы талқыланды. Кездесуге облыс әкімінің орынбасарлары, салалық басқарма басшылары, өңірдің бизнес өкілдері қатысты.

Ерекше атап өтерлігі, екі тараптың кәсіпкерлері облыста жалпы құны 22 миллиард теңгені құрайтын үш ауқымды жобаны іске асыру бойынша келісімге келді. Оның екеуі – ағаш өңдеу, біреуі – күн панельдерін жасайтын кәсіпорындар салу жобасы.

Еркін форматта өткен кездесуде аймақ басшысы әр жобаның өңір экономикасы үшін маңызы зор екенін айтты.

«Бүгінгі кездесуде бірлескен жобалардың іске асырылу барысы, өзекті мәселелер және алдағы өзара тиімді ынтымақтастықтың негізгі бағыттары жан-жақты талқыланды. Бұған дейінгі келіссөздер өз нәтижесін беріп жатыр. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын боламыз», - деді облыс әкімі.

Қазіргі таңда Абай облысында инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Былтыр жалпы құны 24,1 млрд теңгені құрайтын 15 инвестициялық жоба пайдалануға беріліп, 391 жаңа жұмыс орны ашылды. Іске асырылған жобалар саны 29-дан 101-ге дейін артты. Сонымен қатар, құны 605,5 млрд теңге болатын 48 жобадан тұратын өңірлік инвестициялық пул қалыптастырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив