Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
489.39 567.5 6.69

26 сәуір сағат 10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді

25-04-2023, 18:38 Думан Кенжеғазыұлы
Депутаттар бірқатар ратификациялық заң жобасын қарастырады. Олардың қатарында Еуразиялық экономикалық одақ аясында несиелік тарихқа кіретін мәлімет алмасу тәртібі туралы келісім бар.
 
Сондай-ақ Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтын құру туралы келісім қаралады. Ол жобаларды жүзеге асыруға, мүше мемлекеттердің өңірлік ынтымақтастық процестеріне қатысуын кеңейтуге және олардың әлеуетін жақсартуға бағытталған.
 
Тағы бір заң жобасы Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның Факультативтік хаттамасына қатысты. Жоба Қазақстан азаматтарына өздерінің экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын халықаралық қорғау құқығын береді.
 
Тікелей эфирді parlam.kz ресми сайты мен Мәжілістің YouTube арнасынан, сондай-ақ Jibek Joly және «Хабар 24» телеарналарынан көре аласыздар. Әлеуметтік желілердегі парақшаларымызды оқи жүріңіздер.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив