Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
451.31 504.56 5.36

20 сәуір сағат 10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді

19-04-2023, 17:51 Думан Кенжеғазыұлы

Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар авиарейстердің құны бір бағытқа 16 000 теңгені құрайды.

Депутаттар екі ратификациялық заң жобасын қарайды. Соның бірі – ақпараттық және телекоммуникациялық желілердегі авторлық және сабақтас құқық объектілеріне құқықтарды қорғау және қамтамасыз ету жөніндегі ТМД елдерінің ынтымақтастығы туралы келісім.

Екінші – кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындау ерекшеліктері туралы келісім. 

Сонымен қатар мәжілісмендер бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдайды.

Тікелей эфирді parlam.kz ресми сайты мен Мәжілістің YouTube арнасынан, сондай-ақ Jibek Joly және «Хабар 24» телеарналарынан көре аласыздар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив