Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
519.26 602.13 6.62

Абай облысының әкімі №5 Шәкәрім атындағы көпсалалы гимназиясында болды

26-04-2023, 15:31 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласының №5 Шәкәрім атындағы көпсалалы гимназиясында болды. Қазіргі уақытта білім беру мекемесі робототехниканы дамыту саласындағы жетекші мектептердің бірі болып табылады. Мектеп оқушылары робототехника бойынша түрлі деңгейдегі чемпионаттар мен олимпиадалардың тұрақты жүлдегерлері атануда. 

Мектеп директоры облыс әкіміне мектеп пен сыныптардың жұмысын таныстырып, ондағы оқушылар мен ұстаздардың жетістіктері туралы баяндады.

«Робототехника бүгінде ең танымал бола отырып, белсенді дамып келеді. Робототехника сабақтары бүгінде тіпті балабақшаларда да жүзеге асырылады, балаларды жылжымалы құрылымдармен жұмыс істеуге және оларды жасауға үйретеді. Мектепте біз барлық жастағы балалармен жұмыс жасаймыз. Біздің оқушылар робототехника саласындағы түрлі чемпионаттардың жеңімпаздары атанды. Біз балалармен төрт түрлі бағытта жұмыс істейміз. Күзде робототехника бойынша облыс чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев.

Сонымен қатар, мектеп директоры облыс әкіміне мектепте футбол алаңын салу бойынша мәселені шешіп беруді сұрады. Өңір басшысы аталған мәселелерді бақылауға алуға уәде берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив