Cемей-17°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
490.58 584.77 6.34

Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем бойынша бюджеттік сыныптама коды өзгерді

Бүгін, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына сәйкес, қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы арнайы түсімдер санатына жатады.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі №152 бұйрығына сәйкес аталған төлем бойынша бюджеттік сыныптама коды (КБК) 105316-дан 401101-ге өзгертілді.

Сондай-ақ, 870.00 (СЕН) нысаны бойынша декларацияда төлемақыны есепке жатқызу тәртібі енгізілген өзгерістерге сәйкес жаңартылды. Тиісті жаңарту 2026 жылғы 3 ақпанда қолданысқа енгізілді.

Осыған орай, 2026 жылдан бастап қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақыны КБК 401101 коды бойынша төлеу қажет.

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерді төлемдерді жүзеге асыру кезінде бюджеттік сыныптама кодын мұқият тексеріп, дұрыс көрсетуге шақырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив