«Ұлт ақыны – Шәкәрім»: «АМАNAT» партиясының «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында қоғамдық дәріс өтті
«АМАNAT» партиясының «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжде Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Ұлт ақыны – Шәкәрім» атты қоғамдық дәрісі өтті. Тағылымды іс-шараға «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Думанғазы Арғынғазин, филиал қызметкерлері, Абай облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Әлин, қаланың белгілі ғалымдары, тарихшылары, жазушылары мен жастар қатысты.
Тарихи-танымдық іс-шараны «АМАNAT» партиясынан Абай облыстық мәслихат депутаты Шағангүл Жанаева ашып, сөз сөйледі.
Партияның Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Думанғазы Арғынғазин партиялық жобаның мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып, мұндай шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Жоба аясында жүргізілетін жұмыстардың форматтары әр түрлі. Қоғамдық дәрісті филология ғылымдарының кандидаты, «Абай және ұлттық руханият» ғылыми зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері Ақмарал Смағұлова жүргізді.
Шара барысында Ақмарал Төлеуғазықызы Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы тың деректер ұсынып, ақын мұралары жөнінде мазмұнды баяндамалар жасады.