Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Абай гарнизонының әскери қызметкерлері бауырластар зиратын абаттандырды

27-04-2023, 09:48 018.kz

Жеңіс күні қарсаңында Абай гарнизонына  қарасты  54770  әскери бөлімінің жеке құрамы бауырластар зиратын қоқыстан тазалады. Қабірлер шоғырланған мекенді шөп басып, қалдық заттардың үйіндісі пайда болған. Әскери қызетшілер алдымен қоқыстарды  жинаса, одан кейін зиратты қураған ағаш-шөптерден тазартты. Жұмыстың келесі бөлігі әктеу мен бояуға арналды. Небары үш сағаттың көлемінде  бауырластар зираты қайта қалпына келді.  Абаттандыру жұмысына куә болған қала тұрғындары әскери қызметшілерге алғыстарын жаудырды.


- Ата-аналар күніне орай зират басына келгенбіз. Бауырластар зираты ретке келіп, ішінде мұнтаздай тазалық салтанат құрғанына ішім жылып, жүрегім елжіреп тұр. Қандай керемет! Мен  бұл қабірді кімнің  тазалайтынын білмейтінмін. Енді ғана тазалық жұмыстарының иелерін өз көзіммен көрудемін. Әскери бөлім командирі мен жеке құрамына ризашылығымды білдіремін, - дейді Семей қаласының тұрғыны Любовь Шелегида.
- Шыны керек, біз ешқашан бұл жерді кім тазалап жүргенін көрген жоқпыз. Алайда ішіне кіргенде қыздың жиған жүгіндей жинақыланып, ретке келіп тұрады. Аң-таң боламыз. Өйткені біз де күн суытпай жиі келеміз. Міне, бүгін ғана тазалық жұмысына тап болдық. Мен қолдарына күрек пен тырнауыш ұстаған әскери қызметшінің әрбіріне алғыс айтқым келеді, - дейді Семей қаласының тұрғыны Марина Соловьева.

Бауырластар қорымындағы тақтада 48 жауынгердің ныспысы нақышталған. Қан майданда ауыр жарақат алған жауынгерлер Семей қаласындағы №3592 госпиталіне жеткізілген. Медицина нысанында демі үзіліп, жан тапсырған жауынгерлер осы бейітте жерленіпті. Шара соңында әскери бөлім зобалаң шақта өлшеусіз ерлік көрсеткен жандарға құрмет танытып, тағзым жасады. 


- Бауырластар зиратының күтіміне әскери бөлім баса мән береді. Себебі ел үшін жанын қиған бабаларға әрдайым құрмет көрсетуге тиістіміз. Жеңіс күнінің қарсаңында алыстан ат терлетіп тағзым жасауды мақсат тұтқан жандар келген шақта да қабір басы таза әрі жинақы тұрғаны әркімге болмасын қуаныш сыйлайды айдан анық, - дейді 54770 әскери бөлімінің инженерлік –саперлік  батальон командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары  аға лейтенант Бақберген Буратаев.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив