Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.61 503.83 5.48

Сарбаздар үшін шығармашылық демалыс күні

17-02-2026, 11:43 018.kz

Жексенбі күні сарбаздардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Абай гарнизонындағы 28738 әскери бөлімінің мәдени орталығында әскери-патриоттық орталығы өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.

Кеш барысында өнерпаздар патриоттық және лирикалық әндерді орындап, әсерлі билерін көпшілікке ұсынды. Мазмұнды концерт мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің көңіл күйін көтеріп, рухани серпіліс сыйлады. Әсіресе Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптейтін әндер сарбаздарға ерекше әсер қалдырды.

Шара соңында әскери қызметшілер өнерпаздарға алғыс білдіріп, мұндай мәдени кездесулердің тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті. Осындай игі іс-шаралар сарбаздардың бірлігін нығайтып, олардың әскери қызметке деген жігерін арттыра түседі.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив