Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
477.17 543.26 6.01

Қысқы күтім талапқа сай емес: республикалық жолдарда кемшілік анықталды

18-02-2026, 16:41 018.kz

Абай облысында республикалық маңызы бар автожолдардың қысқы күтімі талапқа толық сай келмейтіні белгілі болды. Тексеру барысында 4200 метр жолда тапталған қар, 3100 метр мұз, 500 метр еріген қар және 155 метр жерде мұз қатпары тіркелген. Сондай-ақ борпылдақ қар мен қар үйінділері анықталып, көлік қозғалысына қауіп төндірген.

Бақылау 16–17 ақпанда Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Абай облыстық филиалы мен КАЖсервис өкілдерінің қатысуымен өтті. Тексеру «Алматы – Талдықорған – Өскемен», «Шемонаиха – РФ шекарасы», «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналмасы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» және «Өскемен – Семей» бағыттарында жүргізілді.

Анықталған кемшіліктерге байланысты ҚазАвтоЖол мен «КАЖсервис» ЖШС Абай облыстық филиалына ресми хат жолданып, олқылықтарды қысқа мерзімде жою міндеттелді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив