Қарағандыда өткен республикалық ғылыми жобалар конкурсында Абай облысының оқушылары жүлделі орындарға ие болды
Абай облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 17–20 ақпан күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша 8–11 (12) сынып оқушыларына арналған ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңі өтті.
Байқаудың қоғамдық-гуманитарлық бағыты Қарағанды қаласындағы №19 жалпы білім беретін мектебі КММ базасында ұйымдастырылды.
Конкурстың негізгі мақсаты – оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуға, ғылыми ізденіске баулуға және шығармашылық қабілеттерін шыңдауға ықпал ету.
Абай облысының намысын қорғау үшін қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 16 секция бойынша 12 жоба ұсынылды. Байқауға барлығы 13 оқушы (оның ішінде 1 топтық жобаға 2 оқушы) қатысты. Облыс оқушылары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
І дәрежелі диплом:
– Семей қаласы, «№10 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 9-сынып оқушысы Антоненко Алексей.
ІІ дәрежелі диплом:
– Семей қаласы, «Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 8-сынып оқушысы Базарканова Айгерім;
– Жарма ауданы, «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ-нің 10-сынып оқушысы Мағзұмбек Арнұр.
ІІІ дәрежелі диплом:
– Бородулиха ауданы, «Жезкент кентінің мектеп-лицейі» КММ-нің 10-сынып оқушысы Кайсагалиева Лилия;
– Бесқарағай ауданы, «Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі» КММ-нің 9-сынып оқушысы Абалгазинова Дарина;
– Аягөз ауданы, «К. Қадыржанов атындағы Қызылқия жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 10-сынып оқушысы Срайлова Аяжан.
Грамота иегерлері:
– Семей қаласы, «№36 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 11-сынып оқушысы Жақсылыкова Аңса;
– Жарма ауданы, «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ-нің 10-сынып оқушысы Үсенов Фархат.
Абай облысының дарынды жастарын және олардың жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз! Бұл – өңір білімінің сапасын көрсететін маңызды жетістік.