Көкпекті ауданында Конституциялық реформаны талқылау жөнінде кездесу өтті
Көкпекті ауданында Конституциялық реформаны түсіндіру және талқылау аясында аудандық мәслихат депутаты А. Бойковтың «Алекс» шаруа қожалығы ұжымымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесу барысында депутат Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің негізгі бағыттарына тоқталып, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына ықпалы жөнінде кеңінен баяндады. Әсіресе өкілді органдардың рөлін күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
А. Бойков Конституциялық реформаның басты мақсаты – әділетті, ашық әрі халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру екенін атап өтті. Сонымен қатар, реформаларды талқылауда азаматтардың белсенділігі ел болашағы үшін маңызды екенін жеткізді.
Кездесу барысында «Алекс» ШҚ қызметкерлері ауыл шаруашылығын қолдау, ауылдық аумақтарды дамыту және әлеуметтік кепілдіктерге қатысты сауалдарын қойып, пікір алмасты. Басқосу іскерлік әрі сындарлы жағдайда өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар мұндай кездесулердің халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудағы маңызы зор екенін атап өтті.