Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.61 503.83 5.48

Семейлік зияткердің ғылыми жобасы республикалық деңгейде үздік деп танылды

24-02-2026, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қарағанды қаласында өткен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңінде Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Асылбек Құтұмбеков І орын иеленді. Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 9 секция бойынша 293 ғылыми жоба ұсынылып, 370 оқушы өз зерттеу жұмыстарын қорғады.

Асылбек соңғы үш жыл ішінде төрт ғылыми жобаның авторы атанып, зерттеушілік бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бұл жолғы зерттеу жұмысы корей лингвомәдени кеңістігіндегі іскерлік коммуникацияның табыстылық критерийлеріне арналды. Жоба Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы іскерлік байланыстарды оңтайландыруға бағытталып, мәдени ерекшеліктерді ескере отырып жасанды интеллект негізіндегі чат-бот моделін әзірлеумен ерекшеленді. Жоба жұмысы пәнаралық сипатқа ие. Ол мәдениеттану, лингвистика және жасанды интеллект салаларын тоғыстырады. 

Жас зерттеуші болашақта өз жұмысын кеңейтіп, машиналық аударма сапасын арттыруға үлес қосуды жоспарлап отыр.

- Менің мақсатым – жасанды интеллект арқылы мәдени контекстті дәл түсінетін модельдер жасау. Яғни, кәсіби мәдениеттанушылар мен аудармашылар сынды мәдени тұрғыдан хабардар AI үлгілерін әзірлеу, - деп атап өтті зияткер.

Шәкірттің ғылыми ізденісіне NIS Семей мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Айнур Бодеева жетекшілік жасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив