Cемей-28°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
497.33 586.7 6.48

Астанада Қазақстан мен Ресейдің шекара маңындағы инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша кездесу өтті

Бүгін, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

2026 жылғы 24 ақпанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев пен Ресей Федерациясы Орынбор облысының Губернаторы Евгений Солнцевтің кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, шекара маңындағы теміржол және автомобиль өткізу пункттерінің жұмыс істеуі мен оларды жаңғыртуға ерекше назар аударды. Пункттердің өткізу қабілетін арттырудың, инфрақұрылымды жетілдірудің және тауар айналымы мен азаматтардың қозғалысын жеделдету үшін қолайлы жағдайлар жасаудың маңыздылығы атап өтілді.

Сондай-ақ, тараптар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешегін қарастырды. Өзара сауданың оң динамикасы, сондай-ақ көлік-логистика саласындағы кооперацияны одан әрі кеңейтудің елеулі әлеуеті бар екені айтылды.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Орынбор облысы арасындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілік танытып, аталған бағыттар бойынша конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив