Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.61 503.83 5.48

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде жаңа Конституция жобасын түсіндіру жөніндегі жалпыұлттық коалиция мүшелерімен кездесу өтті

3-03-2026, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде жаңа Конституция жобасын түсіндіру жөніндегі жалпыұлттық коалиция мүшелерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында қатысушыларға конституциялық реформаның басты жаңашылдықтары, оның философиясы мен стратегиялық бағдарлары жан-жақты таныстырылды. Атап айтқанда, адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығын айқындауға, құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға, мемлекеттің зайырлы сипатын күшейтуге бағытталған нормаларға ерекше назар аударылды.

Жаңартылған Конституция жобасы әділет, мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілік, егемендік, ел аумағының тұтастығы және заң үстемдігі сияқты құндылықтарды бекітетіні атап өтілді. Сонымен қатар, азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқықтарын қорғауға, отбасы институтын және дәстүрлі құндылықтарды нығайтуға, қоғамдық қатысу тетіктерін кеңейтуге қатысты жаңа нормаларға басымдық берілді.

Кездесу соңында қатысушылар Ата заңдағы өзгерістерді қолдап, халық арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызына тоқталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив