Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
502.6 589.95 6.5

«Инвестицияға тапсырыс» жобасы аясында Сауда министрлігі өнім сапасына қойылатын талаптарды күшейтуде

Бүгін, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан ішкі нарықты қорғауды күшейтіп, отандық өндірістің тұрақты дамуына қолайлы жағдай қалыптастырып келеді. Сауда және интеграция министрлігі қазақстандық тауар өндірушілерді қолдауға және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған кешенді шараларды жүйелі түрде жүзеге асыруда.

Бұл жұмыс экономиканы әртараптандыру саясаты және «Инвестицияға тапсырыс» жобасы аясында жүргізілуде. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп өнеркәсіптік жобаларға жан-жақты талдау жасалуда. Жобалар тізбесі олардың басым мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі ескеріле отырып оңтайландырылуда. Бұл қаржы мен ресурстарды неғұрлым тиімді әрі технологиялық бағыттарға шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Ішкі нарықты қорғаудың маңызды құралдарының бірі техникалық регламенттер мен стандарттар болып табылады. Олар өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын міндетті талаптарды белгілейді, тауар айналымының бірыңғай тәртібін айқындайды және адал бәсекелестікті қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде бизнес үшін ашық әрі түсінікті жұмыс шарттары қалыптасып, өзара саудадағы техникалық кедергілер қысқарады.

Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық одақтың 52 техникалық регламенті қабылданған, оның 48-і күшіне енген. Сонымен қатар 19 ұлттық техникалық регламент қолданыста. 2025 жылы көмірге және жоғары кернеулі жабдыққа қатысты ұлттық техникалық регламенттер қабылданды. Алкоголь өнімдеріне арналған техникалық регламент қолданысқа енгізілді. Бұл шешімдер өнім сапасына қойылатын талаптарды күшейтіп, нарық қатысушыларының жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

2023 жылы қабылданған құрылыс өнімдеріне арналған ұлттық техникалық регламент өзінің тиімділігін көрсетті. Аталған құжатты енгізу отандық және импорттық өндірушілер үшін сертификаттау талаптарын теңестіруге мүмкіндік берді. Нәтижесінде қазақстандық кәсіпорындарға қатысты кемсітушілік жойылып, әділ бәсекелестік ортасы қалыптасты.

Жұмыс жалғасуда. «Инвестицияға тапсырыс» жобасы аясында қолданыстағы бірқатар техникалық регламенттерді заманауи технологиялар мен оларды қолдану тәжірибесін ескере отырып қайта қарау жоспарланып отыр. Агроөнеркәсіп, химия және құрылыс салаларына ерекше назар аударылады. Негізгі мақсат ұлттық мүдделерді тиімді қорғау және өндірісті жаңғыртуға серпін беру.

Стандарттау жүйесі өнеркәсіптің барлық дерлік саласын қамтиды. Нормативтік-техникалық құжаттардың бірыңғай қоры шамамен 75 мың құжатты құрайды. Ұлттық стандарттарды қолдану деңгейі 70 пайызға жетті. Олар реттелетін сатып алуларда кеңінен қолданылып, отандық бизнесті қолдаудың тиімді тетігіне айналып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив