Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Астанада нью медианы дамыту тақырыбында форум өткіземіз – Дархан Қыдырәлі

28-04-2023, 13:32 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада өтіп жатқан «Qazaq Forum» отандық контент жасаушылар форумында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі жаңа медианың дамуына серпін беретін жиын өтетінін айтты.

«Әлемдегі соңғы үрдістерді ескере отырып, жаңа цифрлық медиа мен креативті индустрияны дамыту жөніндегі жұмыстарды жандандыруды көздеп отырмыз», - деді министр.

Министр Meta, TikTok, Google, Mail.Ru Group, LinkedIn, Netflix компанияларымен келіссөз жүргізіп, тығыз қарым-қатынас орнатылғанын айтты. Келіссөздер нәтижесінде Мета компаниясының Instagram, Whatsapp, Facebook, Messenger-дің Қазақстан бойынша ресми өкілдері айқындалды. Сондай-ақ TikTok корпорациясының аймақтық офисі ашылды. Facebook пен TikTok-тің интерфейсін қазақшалау бойынша келісімдер жасалған.

«TikTok компаниясымен 13 жасқа толмаған балалардың платформаны пайдалануын және зиянды мазмұнды контенттерді бірлесіп анықтайтын боламыз. Мұның бәрі бізге үлкен жауапкершілік жүктейді», - деді Дархан Қыдырәлі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив