Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
457.99 534.15 5.47

Air Astana компаниясы Сауд Арабиясынан 640 адамды тасымалдады

4-03-2026, 13:10 018.kz

Air Astana 3 наурыздан 4 наурызға қараған түні 4 репатриациялық рейсті орындады: Медина-Атырау, Медина-Ақтау және 2 рейс Жидда-Атырау. Жолаушылардың жалпы саны 640 адам болды.
Бұдан әрі аталған жолаушыларды тасымалдау үшін Атыраудан Алматыға 2 рейс және Астанаға 1 рейс орындалды.

4 наурызда ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылатын қосымша екі репатриациялық рейс жоспарланған: Жидда-Ақтау-Алматы және Жидда-Атырау-Алматы. Жиддадан Ақтауға рейс 18:00 ұшып шығып, Ақтауға 01:05+ ұшып келеді, Алматыға 06.05+ ұшып келеді. Жиддадан Атырауға 20:45 ұшып шығып, Атырауға 05:05+ ұшып келеді, Алматыға 09:55+ ұшып келеді. Бәрінде жергілікті уақыт көрсетілген.

Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият қадағалауда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив