Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
456.56 530.52 5.28

Берік Уәли өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын күшейтуді тапсырды

4-03-2026, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласындағы балалар ойын-сауық орталығында болған өртке байланысты облыс әкімі Берік Уәли өңірдегі барлық ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері және адамдар көп жиналатын нысандардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеруді тапсырды.

Аймақ басшысы жауапты мемлекеттік органдарға аталған нысандарда өрт қауіпсіздігі ережелерінің қатаң сақталуын, эвакуациялық орындардың жай-күйін, өрт сөндіру құралдарының дайындық деңгейін зерделеп, қауіпсіздік жүйелерінің жұмысына бақылауды күшейтуді жүктеді.

Айта кетейік, кеше сағат 19:00 шамасында Семей қаласындағы «BALA park» балалар ойын-сауық орталығында өрт шыққан болатын. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары оқиға орнына жедел түрде жіберілді. Жедел штаб құрылып, 120 құтқарушы, 75 полиция, 15 жедел медициналық жәрдем қызметкерлері, 30-дан астам техника жұмыс істеді. Сағат 20:30-да өрт оқшауланып, көп кешікпей толық сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы 3100 шаршы метрді құрады. 

Адам шығыны болған жоқ. Жалпы саны 11 адам медициналық көмекке жүгінді, қазіргі уақытта 5 адам (төртеуі – ересек, біреуі – бала) ауруханада ем алып жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив