Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.91 542.16 6.16

Азаматтар өздерінің сайлау учаскесін eGov Mobile мобильді қосымшасы және Gov.kz сайты арқылы онлайн тексере алады

5-03-2026, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында азаматтар үшін өз сайлау учаскесін іздеуге арналған цифрлық сервис қолжетімді. Дауыс беретін қажетті пунктті eGov Mobile мобильді қосымшасы мен GOV.KZ порталында бірнеше қадамды орындап табуға болады.

eGov Mobile мобильді қосымшасы мен GOV.KZ порталының басты беттерінде «Референдум» арнайы баннері орналастырылған. Баннерге өткеннен кейін пайдаланушы сайлау учаскесін тексеру сервисіне өтеді, онда ол өзінің ЖСН-ін және өңірін көрсетуі қажет. Деректер енгізілгеннен кейін жүйе автоматты түрде сайлау учаскесінің нөмірін, өңір мен ауданды, сондай-ақ дауыс беру орнының нақты мекенжайын көрсетеді.  

Сондай-ақ осы бетте «Жиі қойылатын сұрақтар» бөліміне сілтеме қолжетімді, онда азаматтар референдумға қатысты пайдалы ақпаратты таба алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив