Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
499.83 581.5 6.42

Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау «SEMEI» телеарнасы мен «ABAI AQPARAT» редакциясында жаңа Конституция мен референдум мәселесін талқылады

Бүгін, 11:43 018.kz

Семей қаласында Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты, Жалпыұлттық коалицияның мүшесі Нұргүл Тау қатысуымен «SEMEI» телеарнасы ұжымы мен «ABAI AQPARAT» редакциясының өкілдері арасында диалогтық алаң ұйымдастырылды. Кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелер, жаңа Конституцияның маңызы және елдің саяси-қоғамдық дамуына әсері талқыланды.

Диалогқа коалицияның өңірлік филиалының мүшелері Нұрбек Бекен және Айрат Базенов қатысты. Кездесу азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғау, қоғамдағы бірлікті сақтау және ел болашағына үлес қосу мәселелеріне арналған пікір алмасу алаңына айналды.

«Жаңа Конституция – шын мәнінде халықтық құжат», – деді Нұргүл Тау.

Депутаттың айтуынша, еліміз маңызды тарихи кезеңнің алдында тұр.

«Мұндай сәтте мамандыққа, көзқарасқа немесе саяси ұстанымға қарамастан, қоғамның бірлігі ерекше маңызды. Баршамызды біріктіретін ортақ мақсат – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен еліміздің сенімді болашағы. Конституциялық өзгерістердің басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту», – деп атап өтті ол.

Өңірлік филиал мүшесі Нұрбек Бекен қоғамдағы бірлік пен азаматтық белсенділіктің маңыздылығын жеткізді.

«Кез келген өзгеріс пен реформа қоғамның қолдауына сүйенгенде ғана нәтижелі болады. Әр азамат ел болашағына бейжай қарамай, ортақ іске үлес қосуы қажет. Бұл – біздің азаматтық жауапкершілігіміз», – деді ол.

Ал спикер Айрат Базенов референдум институтының мәнін атап өтті.

Оның айтуынша, «Референдум – институционалдық сенім тетігі. Егер Конституция халықтың тікелей еркімен қабылданса, онда ол саяси элитаның жобасы емес, ұлттық консенсус құжатына айналады. Ал консенсус бар жерде реформалар тұрақты жүреді. Қазіргі геосаяси жағдайда ұлттық қауіпсіздік ұғымы да өзгерді. Бүгін мемлекетті тек қарулы күш қана емес, білімді, дені сау, құқықтық мәдениеті жоғары қоғам қорғайды».

Кездесу қорытындысында қатысушылар қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтаудың маңыздылығын ерекше атап, ашық пікір алмасу мен өзара түсіністіктің ел дамуының басты факторы екеніне тоқталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив