Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
499.83 581.5 6.42

Абай облысында вейпингке қарсы шаралар нәтижесінде құқық бұзушылықтар тіркелмеді

Бүгін, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасында халық денсаулығын қорғау және жастар арасында никотин өнімдерінің таралуының алдын алу мақсатында электрондық тұтыну жүйелерінің, яғни вейптердің айналымына толық тыйым салынды. Бұл туралы Абай облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Мейрбек Нурекенов мәлімдеді.

Вейп – құрамында никотин бар немесе жоқ сұйықтықты қыздыру арқылы бу түзетін, оны тыныс алу арқылы пайдаланатын электрондық құрылғы. Ол электрондық темекі түріне жатады және адам ағзасына никотин мен өзге де химиялық заттарды жеткізеді.

- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 301-1-бабына сәйкес вейптерді сату, тарату, әкелу және өндіру қылмыстық жауаптылыққа жатады. Сату және тарату үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл, қоғамдық немесе түзеу жұмыстары не 50 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған. Ал әкелу және өндіру үшін 2000 АЕК-ке дейін айыппұл, 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру, сондай-ақ мүлікті тәркілеу көзделген,- деді Мейрбек Нурекенов.

Егер бұл әрекеттер қылмыстық топпен, бірнеше рет немесе аса ірі мөлшерде жасалса, 5000 АЕК-ке дейін айыппұл және 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Қазақстан аумағында вейптерді өндіруге, импорттауға, сатуға, таратуға, жарнамалауға және коммерциялық айналымға толық тыйым салынған.

– Биылғы жылғы мәліметтерге сәйкес, Абай облысында аталған бап бойынша бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Бұл өңірде заң талаптарының сақталып, профилактикалық жұмыстардың тиімді жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Біздің ортақ мақсатымыз – жастардың денсаулығын қорғап, қауіпсіз әрі салауатты қоғам қалыптастыру, – деді спикер.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив