Көлік вице-министрі MWC Barcelona 2026 конференциясына қатысты
Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жанибек Тайжанов Барселона қаласында өтіп жатқан Mobile World Congress конференциясына қатысты.
Іс-шара аясында Huawei компаниясының өкілдерімен кездесу өткізілді, онда телекоммуникациялық инфрақұрылымды интеллектуализациялау, 5G желілерін дамыту және 6G технологияларын енгізуге дайындық бойынша озық шешімдер таныстырылды.
Қазақстан делегациясына AI-centric network концепциясы — жасанды интеллект негізінде құрылған желілер, инфрақұрылымды алдын ала қызмет көрсету шешімдері, көлік ағындарын басқаруға арналған цифрлық платформалар, «ақылды» логистика және автономды жүйелерді дамыту технологиялары көрсетілді.
Бұдан бөлек Қазақстан Республикасының көлік саласына осы шешімдерді енгізу мүмкіндіктеріне назар аударылды, оның ішінде интеллектуалды көлік жүйелерін дамыту, логистикалық дәліздерді цифрландыру және инфрақұрылымның тұрақтылығын арттыру мәселелері қамтылды.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі цифрландыру және инновациялық технологияларды енгізу саласындағы серіктестікті әрі қарай дамыту арқылы елдің көлік кешенін жаңғырту жұмыстарын жалғастырады.